Жаңалықтар

Медеудегі өртті сөндіруге ұшақ жіберілді (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Медеудегі өртті сөндіруге ұшақ жіберілді (ВИДЕО)

Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Өрттің видеосы WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Кіші Алматы орманшылығы 33-аумағында қураған шөп жануда. «Оқиға орнында «Іле-Алатау» МҰТП қызметкерлерінен 27 адам және Төтенше жағдайлар департаментінен 22 маман, сондай-ақ 5 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан». Сонымен қатар мәлім етілгендей, Медеу тауындағы өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» ұшағы шықты.