Жаңалықтар

Бибосыновтың жекпе-жегі: Қазақстан бокс федерациясы шағым түсірді

ашық дереккөзі

Бибосыновтың жекпе-жегі: Қазақстан бокс федерациясы шағым түсірді

Қазақстан бокс федерациясы (ҚФБ) Халықаралық бокс федерациясының (IBA) президенті Умар Кремлевтің атына Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіндегі төрешілердің даулы шешіміне байланысты ресми шағым түсірді деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. "Қазақстан бокс федерациясы (IBA) Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлёвтің атына отандасымыз Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіндегі төрешілердің даулы шешіміне қатысты ресми шағым жолдады. Қазір IBA басшылығынан жауап күтіп отырмыз. Өкінішке қарай, қазіргі ережеге сай аппеляция беруге рұқсат етілмейді. Тек жекпе-жекте төрешілер бағасы 3:2 немесе 2:3 болса ғана шешім қайта қаралады", - делінген хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында үнді боксшысынан жеңіліп қалғаны хабарланған еді.