Петропавлда 9 үй жанып кетті (ВИДЕО)

Петропавлда 9 үй жанып кетті (ВИДЕО)

Петропавлда 9 үй жанып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Петропавлда өрт сөндірушілер қатты желдің салдарынан «Береке» ықшамауданындағы өртті ауыздықтай алмай жатыр. Қазіргі уақытта жанып кеткен үйлердің саны 9-ға жетті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Солтүстік Қазақстан облысының және Петропавл қаласының әкімдері, төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы оқиға орнында. Штаб құрылды.
«Сағат 19.00 шамасында «Береке» шағын ауданында қамыс өртеніп жатқаны жайында хабар түсті. Екпіні 15-20 м/с жететін қатты желдің салдарынан әрі күн ыстық болғандықтан өрт өте тығыз орналасқан жеке тұрғын үй секторына тез жайылды. Сол уақытта Петропавлда төрт жерден өрт шығып, біздің жұмысты қиындата түсті. Онда да қураған шөп жанды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, бірақ толық ауыздықталған жоқ. Өйткені жел басылмай тұр. Әзірге шығын мөлшері туралы айтуға ерте. Осы уақытта 7 тұрғын үй және екі, біздің болжам бойынша, бос тұрған үй жанып кетті. Зардап шеккен адам бар. Қала тұрғыны қалалық ауруханаға қаралды. Өртті сөндіріп жатырмыз», - деді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН ❤ СКО (@skopetro)

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН ❤ СКО (@skopetro)

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН ❤ СКО (@skopetro)