Ақ үйсіз дәурен: Обама миллиардердің аралында демалып жүр

Ақ үйсіз дәурен: Обама миллиардердің аралында демалып жүр

Ақ үйсіз дәурен: Обама миллиардердің аралында демалып жүр
ашық дереккөзі
Жұбайымен бірге демалысқа шыққан АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама миллиардер Ричард Брэнсонның аралында демалыс өткізді. БАҚ-та саясаткердің демалысы керемет өтіп жатқанын аңғартатын суреттер жарияланды.   Неккер аралында демалған Барак Обаманың суреттеріне қарап, оның уақыты босқа өтпегенін байқауға болады. Экс-президентті жолдасымен бірге өзінің жекеменшік аралына қонаққа шақырған Брэнсон танымал саясаткердің еңбек демалысы қалай өткенін айтып, суреттерін көпшілік назарына ұсынды. Барак пен Мишель жағажайда күнге қыздырынып қана қоймай, судағы спорт түрлерімен де белсенді айналысқан. Ол тіпті кайтинг бойынша Ричардпен жарысып, судың астында ұзақ уақыт болғаны үшін оны жеңіп шығыпты.  width= БАҚ таратқан суреттер мен видеода бұрынғы президенттің демалыстан ләззат алып жүргенін байқауға болады.