Жаңалықтар

Елімізде шенеуніктердің саны қысқартылады

ашық дереккөзі

Елімізде шенеуніктердің саны қысқартылады

Елімізде А корпусындағы қызметкерлердің санын азаюы мүмкін. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлімдеді деп хабарлайды Nur.kz. "Талай жылғы жинаған тәжірибемізді ескеріп, А корпусы басқару органдарының қызметкерлері институтын жетілдіруге тиіспіз. Президент әкімшілігімен бірігіп, мемлекет басшысына берілетін концептуалдық ұсыныс әзірлеп қойдық.Ол А корпусындағы лауазымдарды, жауапты хатшыларды, комитет төрағалары мен өңір орталықтарындағы аппараттардың басшыларын, қала және аудан әкімдерін қысқартуға байланысты", - деп мәлімдеді Қожамжаров 2016 жылдың қорытындысы бойынша өткен агенттік коллегиясының отырысында. Агенттік төрағасының айтуынша, мұндай жұмыс орындарына жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі мол басқа қызметкерлер тікелей конкурс арқылы келе алады.