Ресейлік Олимпиада чемпионы Қамшыбектен жеңілгеннен кейін пікір білдірді

5 мамыр, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Ресейлік Олимпиада чемпионы Қамшыбектен жеңілгеннен кейін пікір білдірді Ресейлік ауыр салмақтағы боксшы Алексей Дронов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаевпен болған жекпе-жегінен кейін пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. 92 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда Қоңқабаев төрешілердің шешімімен жеңген еді. Үшінші раундта төреші ресейлікке нокдаун санады. Дронов Instagram парақшасындағы Storis бөлімінде бұл жеңілісіне ешқандай сылтау іздемейтінін айтып, хабарлама жариялады.
«Болар іс болды. Ақталмаймын», - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Алексей Дронов – жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионы және жастар арасында Еуропаның үш дүркін чемпионы.