Қазақ боксшы әлем чемпионатында сенсация жасады (ВИДЕО)
Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қытайлық этникалық қазақ Данабек Байғазы сенсация жасады деп хабарлады turkystan.kz.
Данабек армениялық Давид Чалоянды жеңді. Бұл оның әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегі болды.
Чалоян – әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021), әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2021), Арменияның төрт дүркін чемпионы (2016, 2017, 2020, 2021), бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, халықаралық және республикалық әуесқойлар арасындағы турнирлер жеңімпазы.
https://www.youtube.com/watch?v=MzgQ0BnDLW4&ab_channel=SPORT24