Әлем чемпионаты: Айбек Оралбай Еуропа чемпионынан жеңіліп қалды (ВИДЕО)

5 мамыр, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Әлем чемпионаты: Айбек Оралбай Еуропа чемпионынан жеңіліп қалды (ВИДЕО) Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп әлем чемпионатының бесінші күні Айбек Оралбай шаршы алаңға шықты деп хабарлайды turkystan.kz. 92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Еуропа чемпионы, əлем чемпионатының күміс жүлдегері Азиз Аббес Мухийдинге есе жіберді. Азия чемпионы сенімді қимылдап, күшті соққылар жасағанымен, жеңіс италиялық боксшыға бұйырды. Бұған дейін Талғат Сырымбетов (60 келіге дейін) пен Санатәлі Төлтаев (63,5 келіге дейін) жарысты тоқтатқан еді.