Жаңалықтар

Қазақстандағы орташа жалақының көлемі аталды

ашық дереккөзі

Қазақстандағы орташа жалақының көлемі аталды

Ұлттық статистика бюросы өзінің ресми сайтында 2023 жылдың 1 тоқсанында Қазақстандағы орташа жалақы қандай көрсеткішке жеткені туралы мәлімет берді деп хабарлайды turkystan.kz. Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа көлемі 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңге болды. 2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 19,3 пайыз болғанымен, нақты мәнде – 0,6 пайызға төмендеген. Медиана жалақысы (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы І тоқсанда бағалау бойынша 225 736 теңге. 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі келесі салаларда байқалды: құрылыста – 34,5 пайыз; ақпарат және байланыста– 30,3 пайыз; тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 29,2 пайыз. 2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда нақты орташа айлық жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалған – 8,6 пайыз. Салалар бөлінісінде ең жоғары жалақы мөлшері: тау-кен өндіру саласындағы – 766 555тг, қаржы және сақтандыру секторында – 602 114тг, ақпарат және байланыс саласында болды – 541 218тг. Орташа жалақының ең төменгі деңгейі сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 тг, сондай-ақ және ауыл, орман және балық шаруашылығында – 179 388 теңге. Өңірлік бөліністе 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелді – 29,4 пайыз. Ең төменгі өсім Батыс Қазақстан облысында байқалды – 11,9 пайыз. Атырау облысындағы ең үлкен жалақы мөлшері – 618 420 теңге, ең төменгі жалақы мөлшері СҚО-да – 241 102 теңге.