Димаш 4-кезеңде "кішкентай Джеки Чанның" әнін мінсіз орындады

Димаш 4-кезеңде "кішкентай Джеки Чанның" әнін мінсіз орындады

Димаш 4-кезеңде "кішкентай Джеки Чанның" әнін мінсіз орындады
ашық дереккөзі
Қытайда өтіп жатқан “I am a Singer” жобасының төртінші кезеңінде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов гонконгтық әнші әрі актер Джеки Чунның танымал әнін қытай тілінде жоғары деңгейде орындады.  Бұл жөнінде «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. «Тынбай жаттыққанының арқасында Димаш әнді қытай тілінің сегізінші деңгейінде (HSK деңгейін тексеруге арналған бірегей емтихан) орындады», – деп жазады Қытай басылымы. Қытайлық журналистер Димаштың кезекті образының да өте тартымды болғанын атап өткен. Еуропалық үлгідегі V-кескінді пиджак пен оған үйлесіп тұрған жібек шарф. Ал қара түсті бас киім оның реңін одан сайын аша түсті. Залда отырған көрермендер қытай журналистеріне Димаштың қытай әнін орындауына қатысты өз ойларын айтып, жоғары бағалаған. Олардың айтуынша, Димаш үлкен сахнада алғаш рет қытай тілінде ән салғанына қарамастан, тағы да бір рет өзінің кәсібилігін дәлелдеді. Тыңдармандар Димаш әнді қытай тілінің 8-ші деңгейінде (жоғары деңгей) орындаған деп баға берді. Димаш өзін барынша сенімді ұстағанымен, сахнаға шықпас бұрын қатты қобалжығанын және барын салғанын айтып берді. Димаш алғашқы екі кезеңнің бірінде дәл осы қытай әнін орындағысы келген екен. Алайда қазақ әншісі тілдің айтылуында ағаттық жіберіп аламын ба деп қорыққанындықтан оны кейінге қалдырған. “Мен ән айта бастаған кезде тыңдармандар сөздің мағынасын түсінбей қала ма деп қорықтым”, – дейді Димаш Қытай агенттігіне берген сұхбатында. “Қысқы Универсиада ашылуына қатысса да, Димаш әр сәтті қалт жібермей, қытай тілін оқи берді. Қытай тілі мұғалімімен сахнада да, сахнадан тыс та көп дайындалды. Дайындық кезінде залда отырған көрермендердің пікіріне де зер салып отырды. Бір сөзбен айтқанда, Димаш қатты тырысты, жанын салды”, – деп жазады “Синьхуа”. Қазақстандық әнші Джеки Чун Хок-Яудың «Күзгі мұң» атты әнін таңдау себебін былай түсіндірді: “Алғаш тыңдаған сәтте-ақ ол ән маған қатты ұнап қалды. Әннің мағынасы да жақсы”. “I am a singer” жобасының төртінші кезеңінің түсірілімі 2 ақпанда болып өтті. Эфирден ол  11 ақпанда сағат 20:30-да көрсетіледі. Шамамен осы уақытта Димаштың қытай тілінде орындаған әнінің видеосы пайда болады. йта кетеін жайт, аталған әнді осы жобада 2013 жылы қытайлық әнші Ша Баолян орындаған. Туынды махаббат пен айырылысу жайында. “Үнсіз уәдеңді есте сақтағыныңды қалаймын, мен жалғыздықтан қорықпаймын, тек сен жалғыз қала ма деп үрейленемін”, – дейді ән мәтіні. “Күзгі мұңның” авторы әрі алғашқы орындаушысы Джеки Чун Хок-Яу (Jacky Cheung) қазір 55 жаста. 1984 жылғы ән байқауынан кейін атағы шарықтаған әншіні қытайлар «кішкентай Джеки Чан» деп атап кеткен.