Жаңалықтар

Шәкәрім университетінде республикалық театр фестивалі өтті

ашық дереккөзі

Шәкәрім университетінде республикалық театр фестивалі өтті

Шәкәрім университетінде ғұлама философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы аясында «Адамдық борышың...» атты республикалық студенттік театр фестивалі өтті.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған өнер бәйгесіне еліміздің барлық өңірінен 7 жоғары оқу орындарының театрлары өнер көрсетті. Олардың қатарында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Шаңырақ», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Үркер» және «Шың», «Тұран» университетінің «TeART», С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ақ желкен», С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Шабыт», Қазақ спорт жəне Туризм университетінің «Руханият» студенттік жастар театрлары бар. Студенттер арасында бастау алған театр бәйгесіне білім ордасы тарапынан қомақты жүлде қоры бөлінді.

Номинациялар:

«Көрермен көзайымы» - Қазақ спорт және Туризм университетінің «Руханият» театры;

«Үздік режиссер» - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Шабыт» театрының режиссері Хасенов Ертай;

«Үздік ер адам рөлі» - «Тұран» инновациялық-кәсіпкерлік университетінің «TeART» театрының актері Пірмағанбетов Мақсат;

«Үздік әйел адам рөлі» - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Шың» студенттік театрының актрисасы Дәулет Әйгерім.

3 күнге созылған өнер бәйгесіне көрермен ықыласы мен қатысушылардың ризашылығы ерекше болды. Фестиваль аясында жас өнерпаздар Ұлылар мекені, қасиетті Абай жеріне саяхаттап қайтты.