Алдағы аптада ауа температурасы 30 градусқа дейін ысиды
Алдағы аптада ауа температурасы 30 градусқа дейін ысиды
Қазгидромет синоптиктері 6 – 12 мамыр аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазгидрометтің мәліметі бойынша 6 мамыр күні Алматыда көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Жел тұрып, ылдамдығы 5 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 17-19 градус жылы.
7-8 мамыр күндері күн ашық, желдің жылдамдығы 5 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 градус жылы.
9 мамыр күні күн аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 5 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 22-24 градус жылы.
10 мамыр күні көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 5 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы.
11 мамыр күні көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы.
12 мамыр күні көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып жылдамдығы 3-8, найзағай кезінде екпіні 15 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус жылы болады деп күтіледі.