Халықаралық «Ортеке» фестивалі өтті

Халықаралық «Ортеке» фестивалі өтті

Халықаралық «Ортеке» фестивалі өтті
ашық дереккөзі
Алматы қаласында «Ортеке» VI Халық­ара­лық қуыршақ театрлары фестивалі ұйым­дас­тырылды. Іс-ша­раға Мәдениет және спорт министрлігі қолдау біл­дірді. «Ортеке» фестивалінің мақсаты – қуыршақ театры өнерін дамыту, осы бағыттағы халықаралық бай­ланыстарды дамыту, отандық мамандардың білік­тілігін көтеру. Фестивальге әр елден келген өнер театрлары мен белгілі өнер қайраткерлері – осы­ның айқын дәлелі. Апта бойы өткен өнер мерекесіне Грузия, Түр­кия, Корея, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және елі­міздің қуыршақ театрлары қатысып, балалар мен ересектерге арналған үздік қойылымдарын қойды. Фестиваль аясында конкурстық және конкур­с­тан тыс спектакльдердің көрсетілімдері Респуб­ли­ка­лық мемлекеттік академиялық корей музыкалық ком­едия театрында, Мемлекеттік қуыршақ теат­рын­да және Тотальный театры сахналарында өтті. Фестивальдің қойылымдарын құрамында Қа­зақ­стан, Корея, Грузия және Түркияның жетекші театр қайраткерлері бар халықаралық қазылар ал­қасы бағалады. Театр сыншысы, Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер академиясының про­фес­соры Еркебай Анар Сайымжанқызы жетекшілік етті. Қазылар алқасының шешімімен үздіктер анық­талып, арнайы номинацияларға ие болды. «Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрлары фес­тивалінің «Ең үздік қойылым» номинациясы бойын­ша Иакоб Гогебашвили атындағы Кутаиси мем­лекеттік кәсіби қуыршақ театры Г.Х.Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» қойылымы үшін марапатталды. «Ең үздік актерлік шеберлік» номинациясы бойын­ша Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ теат­ры Е.Локшинаның «Мен бір жұмбақ адаммын. Абай» қойылымы үшін марапатталды. «Ең үздік қуыршақ жүр­гізуші» номинациясы бойынша FFWANG теат­ры­ның актеры Кван Со Ёнг «Хонг Доджи мен Исими» қойылымы үшін марапатталды. «Ең үздік сценография» номинациясы бойынша Тотальный театрының суретшісі Юлия Чернова Г.Х.Андерсеннің «Дюймовочка» қойылымы үшін марапатталды. «Ең үз­дік қуыршақ суретшісі» номинациясы бойынша «Алақай» Ақтөбе облыстық қуыршақ театрының сурет­шісі Асия Курманалина «Ақ кеме» (Ш.Айт­ма­тов) қойылымы үшін марапатталды. Фестивальге қатысқан 14 театр мен 9 қатысу­шы­ға ал­ғыс хат табысталды. Жалпы, фестивальдің жүл­де қоры қомақты болды. Барлық номинация жеңім­паз­дары үлкен ақшалай сыйлық иеленді. Қазылар алқасының мүшесі, Шота Руставели атын­дағы кино және театр Грузин мемлекеттік университетінің профессоры Лаша Чхартишвили «Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрлары фес­ти­ва­лінің ұйымдастырылуына жоғары бағасын беріп, қазақстандық театрлардың өнерін ерекше бағалады. Мұндай өнер сайысы халықтарды жақын­дастырып, рухани байланысты арттырады деген қонақ осы іс-шараның басты ұйымдастырушысы Корей академиялық театрына алғысын айтты. «Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрлары фес­тивалі екі жыл сайын еліміздің әр қаласында өтіп тұрады. Биыл бұл өнер додасы Алматы қала­сында өтті. Бастауын сонау ерте кезеңнен алатын қуыршақ өнері, аса күрделі де қызықты жанр. Әрбір халықтың, әрбір ұлттың мәдени негізі, рухани дамуы болады. Қуыршақ өнері осындай үлкен мәде­ниеттің бастауы.