Жаңалықтар

Америкалықтар асырап алған Арман Қазақстан рәміздерін насихаттап жүр

ашық дереккөзі

Америкалықтар асырап алған Арман Қазақстан рәміздерін насихаттап жүр

Facebook желісіндегі Kazakh American Association қауымдастығының парақшасы бір-бірін іздеген бауырларды табыстыратын «Бар­мысың, бауырым?» бағдарламасынан асып түспесе кем түспейді. Онда «Қазақ­стан­дағы ата-анамды іздеймін» деп жазба қал­дырған, америкалықтар асырап алған қыз-жігіттердің жарты тәулік ішінде-ақ туған-туыстарын тауып алғанына сан мәрте куә бол­дық. 22 жастағы Теодор Уолтон (қазақша аты-жөні – Марат Оразғалиев) бізге берген сұх­батында: «18 мамыр күні жазба қал­дыр­дым. Ертесі 19 мамыр таңертең ұйқыдан тұр­­сам, ағам байланысқа шығып тұр. «Бұлай мүм­­кін бе?» деп лезде табылғанына таң­ға­лып, бастапқыда ағам екеніне сенген жоқ­пын» деп әлгі парақшаның «құдіретіне» там­санғаны әлі есімізде. Бірақ олардың өмірі ары қарай қалай өрбігенін, Қазақстанға келген, келмегенінен бейхабармыз. Осы мақсатта үш жыл бұрын әлгі парақша ар­қылы ата-анасын тауып алған, былтыр қараша айын­да Қазақстанға келіп қайтқан Арман Ақы­шев­қа хабарласқан едік. Есту қабілеті нашар болып ту­ған Арман Павлодар облысында тұратын ата-ана­сы­мен қауышып, атажұртқа табаны тигеніне ерек­ше қуанғанын айтады. Қазір Пенсильвания шта­ты­ның Льюисбург қаласында тұратын Арман Қа­зақ­станның туы мен картасы бейнеленген, жарық шам­дары бар жақтау мен сағаттар әзірлеп шығара­ды. Өзінің негізгі жұмысынан бөлек, Arman Kazakh Shop деген атпен жеке кәсібін жүргізетін Арманның әңгімесін жазып алған едік.

АСЫРАП АЛҒАН АМЕРИКАЛЫҚ АТА-АНАММЕН АРАЛАСПАЙМЫН

ARMAN KAZAKH SHOP өнімдері[/caption] Қазір мен әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеймін. Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік және үй мәселесіне көмектесуге атсалысамын. Одан бөлек, колледжде оқимын. Сондай-ақ Arman Kazakh Shop деген атпен жеке кәсібімді жүргіземін. Әртүрлі материалдан Қазақстан мен Американың туы, Қазақстанның картасы бейнеленген, жарық шамдары бар жақтау мен сағаттар әзірлеймін. Алдағы уақытта өзім жасап шығаратын өнімдердің қатары арта түседі. Менің бұл дүкенімнің «Жарыққа ұмтыл» деген слоганы бар. Мұның астарында мен жасаған өнімді сатып алғандар жарықты көрген сайын жаны жадырап, қуаныштан езуіне күлкі үйірілсін деген мақсат жатыр. Сосын, әлбетте, қазақ мәдениетін, рәміздерді насихаттағым келді. [caption id="attachment_222084" align="alignright" width="357"]Аида атты досым Kazakh American Association парақшасы арқылы ата-анамды, туған-туыстарымды табуға көмектесті. Ата-анаммен, бауырларыммен байланыс орнатқан соң былтыр қараша айында Қазақстанға барып қайттым. Олар Екібастұз қаласында тұрады екен. Оларды алғаш көргендегі эмоциямды өзіңіз-ақ түсініп тұрған боларсыз. Әкемді көрген кезде қатты жыладым. Ұзақ жыладым. Ол кісіні жиырма жыл бойы көрмедім. Жиырма жыл! Ұзақ жылауымның да себебі сол. Өйткені мен жиырма жыл ата-ананың жылуына, ыстық құшағына, жылы сөзіне зәру болдым. Әкем мені иіскеп, ұзақ уақыт бойы тұрып алды. Ол кісі бастысы менің денім сау, мықты болғанымды қалайтынын айтты. Үнемі қолдау білдіріп отырады. Әкеме мейірім танытып, сүйіспеншілігімді көрсетер уақыт келді. Бізге, ер адамдарға сүйіспеншілік білдіру де маңызды. Сондықтан оның қолдауына мұқтаж болып өскен менің оған деген ықыласым ерекше! Оның қолдауының арқасында мықтылық танытып, берілмеуге тырысып келемін. Менің есімімді бекерге Арман деп қоймаған ғой. Мен бұл сөз менің басты арманым – өз отбасымды табу деген мағынаны білдіреді деп түсінемін. [caption id="attachment_222085" align="alignright" width="470"] Мектеп-интернатта оқыған достарымен 20 жылдан соң кездесу[/caption]

КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ТАҒЫ БАРАМЫН

Бұйырса, келесі жылы наурыз айында Қазақстанға отбасыма баруды жоспарлап отырмын. Осы жолы жалғыз емес, өз отбасыммен барамын. Әйелім Рут Молина – Пуэрто-Рико тумасы. Испан және ағылшын тілдерінде сөйлейді. Екеуіміз бір-бірімізді мектеп қабырғасынан бері танимыз. Бірге өстік. Бірге есейдік. Кейін ол менімен бірге жұмыс істеді. Есептеп қарасам, екеуіміздің танысқанымызға 14 жыл болыпты. Оның да құлағы нашар естиді. Екеуіміз бір-бірімізді үнемі қолдап, жігерлендіріп жүреміз. Наурыз айында ұлымыз дүниеге келді. Наурыз айында дүниеге келуінің өзі бекер емес, бізде Наурыз жаңа өмірдің бастауы дегенді білдірмей ме, қателеспесем?! Мен – бұдан былай жалғыз емеспін. Мені Қазақстандағы отбасым қолдап,