Ауыр атлетика: Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті

Ауыр атлетика: Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті

Ауыр атлетика: Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті
ашық дереккөзі
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Арли Чонтей (55 келі) қола жүлдегер атанды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстандық спортшы жұлқи көтеру сайысында 117 келі зілтемірді төбесіне көтерді. Осылайша көш басына тұрған еді. Серпе көтеруде қарсыластарына есе жіберіп қойды. Небәрі 141 келіні көтеріп, салдарынан 4-орынды місе тұтты. Қоссайыс нəтижесінде ол 258 келіні бағындырып, үздік үштікті түйіндеді.