Жаңалықтар

Ардагерлер азайып бара жатыр...

ашық дереккөзі

Ардагерлер азайып бара жатыр...

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 78 жыл. Отты жылдардың елесі мен қорқынышы әлі ұмытылған жоқ. Күннен-күнге соғыс ардагерлерінің саны да азайып бара жатыр. Жеңіс күні қарсаңында «Арда­гер­­лер ұйымы» республикалық қо­ғам­­дық бірлестігі төрағасының орын­­ба­сары Көпболсын Бекмаған­бетпен сұхбаттасқан болатынбыз. – Бейбіт өмірдің қорғау­шы­лары соғыс ардагерлеріне қан­дай құрмет көр­сетіп, сый жа­са­сақ та жарасады. Жа­­қында Ең­бек және халықты әлеу­­­­меттік қор­ғау министрі Тамара Дүй­­се­нова соғыс ардагерлерінің әр­қай­сына кемінде 1,5 млн теңге­ден тө­ленетінін айтты. Бұл сома әр об­лыс әкімдігінің қаржы мә­­­­­селесіне бай­ланысты өзгереді ғой? – 9 мамыр еліміздің ерекше ме­ре­келерінің бірі болып қала бермек. Өйт­кені Екінші дүниежүзілік со­ғыс­­қа қазақ даласынан 1 366 164 мың адам майданға аттанды, соның 602 928-і елге оралған жоқ. Соғыс аяқталғаннан бері 78 жыл өтті. Аз уақыт емес. Соғысқа қа­­­­тысқандардың алды 100-ден ас­ты, көпшілігі төсек тартып жатыр. Биыл жеңіс күніне 237 ардагер куә бол­мақ. Мәселен, Жамбыл облы­сын­да – 17, Түркістан облысында – 15, Қызылорда облысында – 6, Маң­ғыстау облысында 3 ардагер ға­на қалған. Сонымен қатар соғыстың жеңіс­пен аяқталуына айтулы үлес қосқан тыл ардагерлерінің саны да күн са­нап азаюда. Бүгінде арамызда жүр­ген тыл ардагерлерінің саны – 63 956. Елімізде жыл сайын 1941-1945 жыл­дардағы Екінші дүниежүзілік со­ғысқа қатысқандарға, оларға теңес­тірілгендерге және басқа да са­наттағы адамдарға біржолғы ма­териалдық көмек көрсету дәстүрге ай­налған. Биыл ҰОС-на қатысқан­дар мен мүгедектерге – 1,5 млн тең­­­­геден (Павлодар облысында 11 адам – 2 млн теңге) төленеді. Тыл ар­­дагерлеріне 30 мыңнан 120 мың теңгеге дейін біржолғы ма­териал­дық көмек беріледі. Бұл жер­де әр өңір өз жағдайына қарай ше­ше­ді. Айта кету керек, бұрынғы жыл­дары материалдық көмек 1 млн теңге кө­лемінде болатын. Мысалы биыл Қызылорда об­лысы Шиелі ауданында 100-ге келген соғыс ардагері С.Бай­манұлы­на 8 625 000 теңге тұратын авто­кө­лік сыйға берілді. Жеңіс күні мерекесі жыл сайын дәс­түрлі түрде Құран бағыштау, ес­керткіштерге гүл қою, ардагерлерді ұлық­тау, үйлеріне бару, арнайы кон­церттер ұйымдастыру сияқты шаралармен жалғасады. Сондай-ақ әйгілі батырларға ескерткіш қою, мек­тептерге аттарын беру үрдісі үзіл­ген емес. Тек елорданың өзінде Бауыр­жан Момышұлына, Рақымжан Қошқарбаевқа, Иван Панфиловқа, бір жыл бұрын Кеңес Одағының екі дүркін батыры Талғат Бигелдиновке ескерткіш орнатылды. Біраз көше­лерге қаһармандардың есімі берілді. Атап айтқанда, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, кезінде рес­публикалық ардагерлер ұйы­мын­да басшылықта болған Сағадат Нұр­мағанбетовке, Мақтай Сағдиев­тың есімдері елорданың жаңа кө­шелеріне берілді. ІІМ министрлігі ішкі істер ор­ган­­дарында қызмет атқарған 14 Кеңес Одағының батырына арнап, ар­найы ескерткіш-тақта орна­тыл­ды. Еліміздің батыс өңірінде 3 әуе­жай шығыстың жұлдыздары Әлия Мол­дағұлова, Мәншүк Мәметова жә­не Хиуаз Доспанованың атта­ры­мен аталады.