Депутаттарды алаңдатқан сауалдар

Депутаттарды алаңдатқан сауалдар

Депутаттарды алаңдатқан сауалдар
ашық дереккөзі
Осы аптада мәжіліс залында депутаттар мо­ноқалалардағы ахуал, тозған тұрғын үй­лер­дің жайы, ішкі көші-қондағы шешілмей ке­ле жатқан мәселелер, радиоактивті қал­дық­тар қоймасының зардабы, электр са­мо­каттарын қолдану ережелері сияқты мә­се­ле­л­ерді көтеріп, жауаптыларға сауал жол­да­ды. Қозғалған проблемаларға кеңірек тоқ­та­лып көрейік.

Моноқалалардың жағдайы мәз емес

Премьер-Министрдің бірінші орын­ба­сары Роман Склярға «AMANAT» партиясы­ның депутаттары Б.Бейсенғалиев, А.Рау, Е.Смы­шляева моноқалаларды дамыту мә­селесін көтеріп, сауал жолдады. Қазір елімізде 27 моноқалада 1,4 мил­лион халық тұратынын алға тартқан де­пу­таттар шешілмеген мәселе көп екенін айт­ты. Негізгі өзекті мәселелер – халықтың үде­ре көшуі, халық санының азаюы, жұ­мыс­сыздық, инженерлік, көлік инфра­құры­лымның тозуы және әлеуметтік инф­ра­құрылымның жетіспеушілігі. – Ұлттық экономика министрлігі мен әкім­діктер Алтай, Балқаш, Жаңатас, Қара­тау, Лисаковск, Риддер, Серебрянск, Степ­но­горск және Арқалық сияқты 10 қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеген. Осы күнге дейін ол жос­парларды Үкімет әлі бекіткен жоқ, – дей­ді депутаттар. Яғни, 2023 жылдан бас­тап іске асырылуы тиіс кешенді жоспарлар әлі орындалмай отыр. Депутаттар аталған ке­шенді жоспар жобаларын Үкімет тезірек бе­кітіп, іске асыруға кірісу қажет деп са­най­тындарын айтты.

Тозған үйлердің жайы алаңдатады

Апатты және тозығы жеткен тұрғын үй­лер мәселесі, өкінішке орай, жылдан-жыл­ға өзекті болып барады. Бұл мәселе елі­міздің әртүрлі аймақтарының тұрғын­дары үшін өте маңызды болып тұр. Жергілікті атқарушы органдардың мә­лі­метіне сүйенсек, республика бойынша жалпы 54 мың көппәтерлі үйдің 752-сі апатты, 3 мыңнан астамы тозығы жет­­кен деп танылған. Осы проблемаға назар аударған «AMANAT» партиясы фракциясының мүше­лері өз дәлелдерін келтіре отырып мәселе көтерді. – Өңірдегі сайлауалды жұмысымыз ба­ры­сында осындай бірнеше үйлерді ара­ладық. Іші ылғалданған, көгерген, қа­быр­ға­лары мен төбелері жарылып кеткен, тө­бесінен су аққан. Үйге кірудің өзі қор­қы­ныш­ты. Соның салдарынан қыста суық, жыл бойы антисанитарлық жағдай ғана емес, тұрғындардың денсаулығына қауіп тө­ніп тұр. Мұндай пәтерлерде әдетте зей­нет­керлер, аз қамтылған адамдар тұрады. Олар үшін, жағдайларын жақсартудың жал­ғыз үміті – мемлекеттің көмегі, – деп жа­­­­зылған сауалда. Депутаттардың сөзінше, 2021 жылы өңір­лерде тұрғын үй қорын жаңарту бағ­дар­­ламасы бекітілді, онда іске асыру тетігі­мен өлшемдері, оның ішінде жөндеуге жа­­­­татын объектілердегі тұрғын үй иелеріне шы­ғындарды өтеу тәртібімен шарттары бел­гіленген. Қазір бұл бағыт «Халықпен бірге!» атты пар­тияның ағымдағы бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады, оған сәйкес 30 мыңға жуық тозығы жеткен және апат­ты жағдайдағы тұрғын үйлердің ие­ле­рі жаңа пәтерлерге көшуге мүмкіндік алуға тиіс. Депутаттардың сөзінше, жергілікті ат­қару­шы органдар қазіргі жағдайды өзгер­туге қолдан келгенше ықпал етуде. Деген­мен тәжірибе көрсеткендей, аталған мә­се­лені түбегейлі шешу үшін тек қана жер­гі­лік­ті бюджеттен бөлінетін қаражат жет­кі­лік­сіз, сондықтан қаражатты республи­ка­лық бюджеттен де қарастыру керек. – Тұрғын үйді жаңарту мен жаң­ғыр­тудың әлеуметтік бағытын ескере отырып, біз келесі мәселелерді тез арада шешу жөн деп санаймыз. Біріншіден, апатты және тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру керек, екіншіден: «Отбасы Банкі» арқылы несиелік тұрғын үйді қаржыландыру үлгісі бойынша, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін облигациялар шығаруды ұйымдастыру ке­рек, үшіншіден, жалғыз баспанасы апат­ты деп танылған тұрғындардың өздеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіре алмайтынын ескере отырып, осы санаттағы азаматтар үшін тұрғын үйді жекешелендіру құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру керек, – дейді депутаттар.

Радиоактивті қалдықтар қоймасы халыққа қауіп төндіріп тұр

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» пар­­тиясы фракциясының мүше­лері С.Мұсабаев пен Е.Жаңбыршин Премьер-Министр мен Бас Прокурорға қауіпті қал­дық­тарға байланысты сауал жолдады. – Бүгінгі біздің депутаттық сауалымыз бас­­талмай жатып бір емес екі рет тоқта­тыл­ған, бөлінген миллиардтаған қаражат бір емес, екі рет игерілмеген, Прези­ден­ті­міз­дің Үкіметке берген тапсырмасы да орын­далмаған, Парламент мінберінен бір­неше рет депутаттық сауалмен көте­ріл­ген, Премьер-Министрдің бірінші орын­ба­сары­ның 2022 жылғы 23 желтоқсандағы Хат­тамасы да орындалмаған – Маңғыстау об­лысындағы «Қошқар Ата» ойпатында орналасқан әлемдегі ең үлкен қалдықтар қой­масын рекультивациялау жұмыстары жайын­да болып отыр, – деп басталған сауал­да депутаттар 700 мың Маңғыстау хал­қының тағдырын тәлкек еткен жауапты мем­лекеттік тұлғаларға тексеріс жүргізіліп, қа­таң жауапқа тартылуын талап етіп отыр. Ресми мәліметке сүйенсек, сауал әлі де то­лықтырылатын болады.

Ішкі көші-қон түйткілі тарқамай тұр

Депутат Т.Адамбеков Премьер-Ми­нистр­ге солтүстік өңірде еңбекке қа­білетті халықтың азаюы және халық ты­ғыз қоныстанған оңтүстік өңірлерде жұ­­­мыссыздықтың жоғары деңгейі де­мог­ра­­фиялық теңгерімсіздік ғана тудырмай, әлеу­­меттік-экономикалық проблемаға алып келгенін, одан бөлек, елдің қауіпсіздік мә­­селесіне де тікелей әсер ететінін айтып сауал жолдады. 2017 жылдан бастап Қазақстанда оң­түс­тік­тен солтүстікке өз еркімен қоныс ау­дару бағ­дарламасы жұмыс істейді. 2021 жыл­дан бас­тап бұл бастама «Күшті өңірлер – елді да­­мытудың драйвері» Ұлттық жобасы шең­берінде іске асырылып жатыр. Бағдарламаның тиімділігі қоныс ау­дарушылар санымен және жұмыспен қамту деңгейінің динамикасымен өлшенетінін айт­қан депутат ресми деректер жоба тиім­ді­лі­гінің төмендігін және қабылданып жат­қан шаралардың жеткіліксіздігін көр­сетеді деп тұжырымдайды. Депутат солтүстік өңірлердің тұр­ғын­дары үшін қосымша ынталандыру ша­ра­ларын көздеуді, бағдарламаны солтүстік өңір­лерді кешенді дамыту арқылы жүзеге асы­руды, бағдарламаны іске асырудың тиім­ділігіне талдау жүргізуді, қоныс аудару мә­селелерін іске асырудың халықаралық оң тәжірибесін зерделеуді, жобаны іске асы­ру тиімділігінің индикаторларын қайта қа­рауды қажет деп санайтынын айтады. Депутат Д.Мұқаев та солтүстік өңірдегі ахуалға байланысты мәселе көтерген екен. Адамдарды көшіру емес, көшіп барғандарды сол мекенде ұстап қалу қиын екенін айтқан ол Солтүстік Қазақстанда жұмыс көзі аз, өмір сүру деңгейі төмен, берілген баспа­на­лардың сапасы сын көтермейтінін айтады. Оның сөзінше, берілген жоспарды орындау үшін сан қуып жүргенде сапа ұмыт қалған сияқты. – Солтүстікке көшуге ынталы азаматтар көп. Өз тәжірибем мен қоныс аударушылар сұра­нысын ескере отырып, төмендегі ұсы­ныстарды жолдаймын: 1. Қоныс аударған отбасыларға тұрғын үй сатып алуға үй құнының 50 пайызын, бірақ 4 миллион теңгеден аспайтын сомада қаржы беріледі. Бұл қоныс аударушыларға үлкен көмек. Әйтсе де, Үкімет тарапынан салған баспананың сапасыздығына арызданған жандар өте көп. Жаңадан салынған үйлердің сапасыз екенін ескере отырып, мемлекеттік бағдарлама аясында екінші деңгейлі нарықтан тұрғын үй сатып алу немесе өздеріне үй салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын; 2. Ауа райы мен қоныс аударушылар­дың адаптациялық кезеңін ескере отырып, қоныс аударуды тек ерте көктемде жүзеге асыр­ған жөн. Қоныс аударған ағайынға жат жердің тыныс-тіршілігіне үйренісуге жәр­демші болатын арнайы бейімдеу орта­лы­ғы мен бірегей сайт, жедел желі теле­фо­нын іске қосылуы керек. Себебі қоныс ау­дару­шы қандастарымыздың көбі кирилл қа­ріп­терін оқығанда қиналғандары бай­қа­лады. Ал өзіміздің жергілікті халық болса кө­ші-қон жайлы толық ақпарат біле бер­мейді. Себебі ақпараттандыру, түсіндірме жұ­мыстары өте аз; 3. Қоныс аударушыларды арнайы ко­мис­сия негізінде іріктеп, кәсіпке икемі бар, көп­балалы отбасыларға басымдық берілу ке­рек. Қоныс аударғаннан кейін туылған әр сәбиге де берілетін жәрдемақы деңгейін арт­тыру демографияға серпін берері сөзсіз; 4. Жұмыс орындарының санын көбейту мақсатында жұмыс беруге мүмкіндігі бар кә­сіпкерлерді көшіруге ықпал ету немесе жас кәсіпкерлерді қызықтыратын арнайы өңір­лік бағдарлама әзерленгені дұрыс. Қо­ныс аударған жандардың кәсібін дөңгелетіп кетуге 2,5 пайызбен берілетін жеңілдетілген несиелер санын арттырып, субсидиялар, грант­тарды ұлғайту керек, – деген мәселені рет­теу жолдарын ұсынған депутат «қоныс ау­дару жұмыстары мен ақпараттандыру қан­дай жоспарда жүргізіліп жатыр?» деген сауал жолдады.

Жаңа көлікке жаңа ереже қажет

«AMANAT» партиясының қабылдау бөл­ме­леріне электр скутерлерінің қозғалысын рет­ке келтіруге байланысты көптеген өті­ніш келіп түсетінін алға тартқан депутат С.По­номарев электр самокаттар мен ску­тер­лерге қастысты мәселе көтерді. Электр скутерлері аса жоғары жыл­дам­дықпен жаяу жүргіншілер аймағында жүре­тінін тілге тиек еткен ол Яндекс сияқты ал­пауыт скутерлер саласына да енгенін, осы­лайша қауіп те еселенетінін айтады. – Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі туралы қисынды сұрақ туындады. Скутер жүргізушілеріне жасына, психикалық не­месе физикалық жағдайына байланысты шектеу әлі қойылған жоқ. Жылдамдық ре­­­жиміне және жол қозғалысы ережелерін орын­дауға қатысты нақты талап жоқ. Жеке скутерлер нөмірленбейді, сонымен қатар, кө­ліктің бұл түрін жалға беру қызметтері ірі қалаларда ерекше сұранысқа ие болып отыр. Тротуарларда зардап шеккендерге бай­ланысты бірде-бір уәкілетті мемлекеттік ор­ган есеп жүргізбейді және скутердің кінә­сін дәлелдеуге мүмкіндік жоқ, – дейді де­путат. Депутаттың сөзінше, жаңа көлік құрал­дары, сөз жоқ, пайдалы әрі экологияға да зия­ны жоқ. Дегенмен оның қолданылуын заң­нама арқылы реттеу керек. – Біздің фракция өз тарапынан электр скутерлерінің және басқа да жаңа көлік түр­лерінің қозғалысын реттейтін заңна­ма­ны жетілдіру бойынша жұмысты жалғас­тыра­ды, – деді С.Пономарев.