ӘЧ: Серік Теміржанов келесі айналымға жолдама алды

5 мамыр, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
ӘЧ: Серік Теміржанов келесі айналымға жолдама алды Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында бақ сынап жатқан отандасымыз Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегін өткізді деп хабарлады turkystan.kz. 57 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финалда Серік Теміржанов Мали елінен келген боксшы Абдул Карим Батилимен кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Теміржановтың пайдасына аяқталды.