Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев халықтан қолдау көрсетуді сұрады

5 мамыр, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев халықтан қолдау көрсетуді сұрады

Менің мақсатым - еліміздегі шорт-тректің деңгейін көтеру. Бұл туралы шорт-тректен әлем кубогы мен әлем біріншіліктерінің жүлдегері Абзал Әжіғалиев айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Ол елімізде қысқы спорт түрлерін кеңінен насихаттау үшін, өзіне қолдау көрсетуін сұрады.

«Достар! Маған сіздердің қолдауларыңыз қажет. Өздеріңіз білетіндей, елімізде қысқы спорт түрлері аса танымал емес, халықтың қызығушылығы да жоқ. Ал әлеуметтік желілер бүгінде ақпарат таратудан, жарнама жасаудан үздік әрі таптырмас құрал болып тұр. Соңғы кезде спортымыздың дамуына үлес қосып, оны елімізде танымал ету үшін парақшаларымда белсенді болуға тырысып жүрмін. Баршаңызды Instagram парақшамда күтемін!» деп жазды спортшы.

https://instagram.com/abzal_azhgaliyev?igshid=YmMyMTA2M2Y=