Махмұд Сабырханның Ташкенттегі алғашқы қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.
54 келі салмақта өнер көрсетіп, жарысты 1/16 кезеңнен бастайтын спортшымыз венгриялық Иштван Сакамен кездеседі. Махмұдтың қарсыласы осы жарыстағы бірінші жекпе-жегінде түркменстандық Довлет Мухановты жеңген. Енді екі боксшы 8 мамырда шаршы алаңға шығады.
Махмұд Сабырхан 2023 жылы Азия чемпионы атанды. Сонымен қатыр 2021 жылы әлем біріншілігі мен 2022 жылғы Азия чемпионатында күміс иеленді.