Мас жолаушы пойыздың кранын жұлып алды

Мас жолаушы пойыздың кранын жұлып алды

Мас жолаушы пойыздың кранын жұлып алды
ашық дереккөзі
Атырау облысы Кенбай станциясының учаскесінде ер адамның пойыздың тоқтату кранын жұлып алғанына байланысты Атырау – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден тыс тоқтады деп хабарлады turkystan.kz. Пойыз тұрағы 12 минутқа созылды. Тексеру барысында көлік полицейлері Ақтөбе облысының 59 жастағы тұрғынын анықтады деп хабарлады Polisia.kz.  Ол спирттік ішімдік ішіп, масаң күйінде вагон тамбурында тоқтату кранын жұлып алған. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, оның «орташа дәрежедегі» алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
– Сағыз станциясына келгеннен кейін құқық бұзушы акт бойынша пойыздан түсірілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш (34 500 тг) мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі ПД қызметкерлері 18 774 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін екі мыңға жуық адам жазаланған. Сондай-ақ тоқтату кранын жұлып алудың 13 фактісі тіркелді.