Жаңалықтар

Қызылордада қайғылы жағдай: 11-сынып оқушысы көз жұмды

ашық дереккөзі

Қызылордада қайғылы жағдай: 11-сынып оқушысы көз жұмды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында 11-сынып оқушысы басқарған көлік аударылып, құрдасы көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде 17-дегі жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткені туралы ақпарат тарады. Түрлі жарақат алған ол қазір ауруханада. Одан өзге көлікте 4 адам болған. Оның екеуі үйіне қайтарылса, біреуі ем алып жатыр. Ал төртіншісі, 11-сынып оқушысы жансақтау бөлімінде көз жұмды. «17 жастағы аудан тұрғыны Toyota маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай, жол-көлік оқиғасына тап болған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті жүргізілуде. Тиісті сот сараптамасы тағайындалды», - деді облыстық Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Назарбек Жамаладдин. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.