Жарысты нокаутпен бастаған Сағындық Тоғамбай ринг қожайынымен шығады

4 мамыр, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Жарысты нокаутпен бастаған Сағындық Тоғамбай ринг қожайынымен шығады Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Өзбекстан мен Қазақстан боксшылары арасындағы алғашқы жекпе-жек болады деп хабарлады turkystan.kz. 86 келі салмақта Сағындық Тоғамбай 1/8 финалдық кезеңде ринг қожайыны Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасады. Айта кетейік, кәсіпқойда өнер көрестіп жүрген Абдуллаев жастар арасындағы Азия чемпионы. Ол осы әлем чемпионатындағы бірінші кездесуінде қырғызстандық Еркин Адылбековті жеңген болатын.