Санатәлі Төлтаев бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалды

4 мамыр, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Санатәлі Төлтаев бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалды Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев 1/8 финалға шыға алмады деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстандық боксшы 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Маврикия өкілі Ришарно Колинмен жұдырықтасты. Маврикиялық боксшының бойы да, қолы да ұзын болғандықтан, Санатәлі үшін қолайсыз тиді. Төрешілер шешімімен жеңіс қарсыласының еншісінде кетті.