«Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының ақтық кезеңі басталды

«Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының ақтық кезеңі басталды

«Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының ақтық кезеңі басталды
ашық дереккөзі
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңіс күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған дәстүрлі «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының ашылу салтанаты өтті. Ақтық кезеңнің басталғанын айшықтайтын салтанатты іс-шараға партия Хатшысы Дәулет Кәрібек, ҚР Қорғаныс министрінің өкілдері, Парламент депутаттары және қарулы күштердің ардагерлері, танымал спорт жұлдыздары қатысты.  width=
«Жүрегінде отаншылдық рухы жалындаған жастардың жаңа буыны өсіп келе жатқанына бәріміз куәміз. Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан ары өркендету қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Дәстүрге айналып келе жатқан «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң. Былтыр іріктеу кезеңіне 1700-ге жуық жас азамат қатысқан болса, биыл қатысушылар саны 3000-нан асты», – деді Дәулет Кәрібек.
Сондай-ақ, партия Хатшысы ақтық кезеңнің алдында жастардың жігерін жанып, олардың бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді. «AMANAT»-тың Саяси тұғырнамасында елімізді, жерімізді қасық қанымыз қалғанша көздің қарашығындай қорғауымыз керек екені анық жазылғанын атап өтті.  width=
«Жастар – егемен еліміздің болашағы. Сондықтан бүгінгі іс-шара бәріміз үшін маңызды. Әрқайсыңыз тәрбиелі, білімді, мәдениетті, намысты азамат болып өсіп келе жатқандарыңызға сенімдімін. Сіздерге тек сәттілік және жарқын жеңіс тілеймін. Осы орайда, «AMANAT» партиясына және бұл іс-шараның өтуіне атсалысқан азаматтардың бәріне алғысымды білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов.
Еске сала кетейік, партияның жастар қанаты аталған жобаны іске қосатынын былтыр «AMANAT»-тың кезектен тыс XXII съезінде мәлімдеген болатын. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отырған іс-шараның аймақтардағы іріктеу кезеңі 15-25 сәуір аралығында өтті.  width=
«Еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жастар жиналды. Сіздер өз өңірлеріңізде қатардан қара үзіп, бүгінгі ақтық кезеңге жолдама алып келдіңіздер. Ал енді елорда төрінде жеңіске жету үшін осыған дейін жиған білім-біліктеріңізді, дара дағдыларыңызды, төзімдеріңізді танытасыздар деген ойдамын. Тіпті, араларыңызда болашақ Отан қорғаушылар, сержанттар мен офицерлер тұрғанына сенімдімін», – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.
 width= Іс-шара барысында десанттық-шабуылдау әскерлері соғыстағы ұрыс барысын бейнелейтін көрініс қойды. Ал әлемге танымал атлет Сергей Цырульников  жастардың алдында өз күшін көрсетіп, жиналған көпшілікті тәнті етті.
«Мен үшін бәрің жеңімпазсыңдар. Ел қорғау – қасиетті борыш. Өздеріңдей өрендер елімізге қашан да қажет. Біз ақылды, сабырлы, санасы сергек, ойы ұшқыр жастарға қарап сүйсінеміз. Әрдайым қайсар, өжет, алғыр болыңдар. Ата-бабадан аманат болып қалған атамекенімізді қорғай біліңдер. Абыройларың аспандай берсін», – деді Қарулы күштер ардагері, контр-адмирал Ратмир Комратов.
Ақтық кезеңге жолдама алған жастар екі күн бойы елордада түрлі сынақтан өтіп, өзара бақ сынасады. Яғни, олар қашықтыққа жүгіріп, арнайы әскери жаттықтырушылар дайындаған кедергілермен жүріп өтеді. Сондай-ақ, саптық дайындық деңгейлерін танытып, «Менің елім – Қазақстан» атты әскери-танымдық викторинада білімін шыңдайды.  width=