Жаңалықтар

«Мектеп Online» жобасы YouTube-те 50 миллионға жуық қаралым жинады

ашық дереккөзі

«Мектеп Online» жобасы YouTube-те 50 миллионға жуық қаралым жинады

Бүгінгі таңда интернет желісінен «МЕКТЕП OnLine» жобасына жазылушылар саны 648 мың адамға жетті. Сондай-ақ қызығушылардың саны күн өткен сайын артып келеді. Бір қызығы, арнаның жазылушылары мен көрермені өзіміздің елдің тұрғындары ғана емес. Яғни, географиясы кеңейіп, өзге мемлекеттердің де қызығушылығын тудырған. Әлбетте, бұл таңқаларлық көрсеткіш емес. Өйткені жоба аясында математика, география, химия, физика және басқа пәндер бойынша мектеп тақырыптары егжей-тегжейлі және қызықты баяндалады.

2020 жылдың 5 наурызынан бері көрермен назарына ұсынылған «МЕКТЕП OnLine» жобасы әлемдегі ең танымал бейне хостингтен екі күміс батырмаға ие болды. Алайда жоба авторлары YouTube-тегі көрермен саны үшін емес, оқушылар арасындағы білім деңгейін арттыру үшін барымызды саламыз дейді.

«МЕКТЕП OnLine» педагогтар тапшылығы бар мектептер үшін нағыз көмек көзіне айналды. Интерактивті сабақтар қандай да бір оқу пәні бойынша мұғалімді де жоқтатпайды деуге негіз бар. Сонымен қатар бұл - үлкен онлайн кітапхана және интернет қолданушылар үшін үнемі жаңартылып отыратын білім қоры.

Білім беру жобасының өзі де дамып келеді. 2022 жылдың соңында «МЕКТЕП ГЕОГРАФLINE ГЕОГРАФИЯ» жаңа арнасында алғашқы бейнесабақ жарыққа шықты. Арна бастауыш сынып оқушылары үшін Қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді.

«МЕКТЕП OnLine» жобасының алдында әлі де көп жұмыс бар, оның болашағы зор деп үміттенеміз.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қаржылық қолдауымен, қайырымдылықтың бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы іске асырылып отыр.