Жаңалықтар

Олимпиада чемпионы 32 жасында көз жұмды

ашық дереккөзі

Олимпиада чемпионы 32 жасында көз жұмды

Америкалық жеңілатлет Тори Боуи 32 жасында қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Олимпиада чемпионы неден қайтыс болғаны туралы хабарланған жоқ. "Біз аяулы досымыз, қызымыз және әпкемізден айырылып қалдық. Тори жарқырған күннің жұлдызындай еді", - дейді спортшының жақындары. Айта кетейік, Боуи 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Олимпиада ойындарында 4x100 метрлік эстафетада алтын медаль жеңіп алды. Ол, сондай-ақ, 100 метрлік жарыста екінші орынға ие болды және сол жарыста 200 метрлік жарыста қола жеңіп алды.