ӘЧ: бүгін Қоңқабаев шаршы алаңға шығады

4 мамыр, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
ӘЧ: бүгін Қоңқабаев шаршы алаңға шығады

Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде екі боксшымыз рингке шығады деп хабарлады turkystan.kz.

Астана уақытымен 14:00-де басталатын күндізгі сессияда 1/16 финалда Санатәли Төлтаев (63,5 келі) Маврикий елінен келген Ришарно Колинмен қолғап түйістіреді.

Ал елорда уақытымен 19:00-ге белгіленген сессияда Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) ресейлік Алексей Дроновпен сынға түседі.