Жел, үсік, қар: бүгінгі күннің ауа райы болжамы жарияланды

Жел, үсік, қар: бүгінгі күннің ауа райы болжамы жарияланды

Жел, үсік, қар: бүгінгі күннің ауа райы болжамы жарияланды
ашық дереккөзі
Қазгидромет 4 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың батысында нөсер жаңбыр, кей уақытта найзағай мен бұршақ жауады.
Оңтүстік-шығыс пен шығыста жаңбыр мен қар түсуі ықтимал. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста - шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман түседі. Түнде Алматы, Жетісу, Қостанай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1-6 градус үсік жүреді. Түркістан облысының солтүстігі мен батысында, таулы аудандарында жел екпіні - 23-28 м/с, күндіз таулы аудандарда 30 м/с асады.