Киев Кремльге жасалған шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Киев Кремльге жасалған шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Киев Кремльге жасалған шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді
ашық дереккөзі
Украина Президенті Владимир Зеленскийдің баспасөз хатшысы Кремльге жасалған шабуылға Киевтің қатысы жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Сергей Никифоровтың айтуынша, Украина қолда бар күші мен құралдарын өз аумағын босатуға жұмсап жатыр.
«Бізде Кремльге түнгі шабуылдар деп аталатын жайтқа қатысты мәлімет жоқ. Бірақ Президент Зеленский осы уақытқа дейін бірнеше рет айтқандай, Украина барлық қолда бар күші мен құралын өзгеге шабуыл жасауға емес, өз территориясын босатуға бағыттайды», - деді Сергей Никифоров.
Айта кетейік, бұған дейін ұшқышсыз дрондармен Кремльге шабуыл жасалған сәттің видеосы таралды. Ресей тарапы осыған қатысты Украинаға айып таққан болатын.