Жаңалықтар

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

ашық дереккөзі

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

3 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 2 мамыр, сейсенбіде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Астана, Петропавл және Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.