Жаңалықтар

Жол апатынан жылқы қырылды

ашық дереккөзі

Жол апатынан жылқы қырылды

Павлодар облысында жол апатынан жылқы қырылды деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сағат 21:00-де Шідерті кентіне қарама-қарсы 47 шақырым жерде DAF FTXF-105 маркалы автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі ілеспе бағыттағы Рno-143 ifri маркалы автокөліктің тіркемесімен соқтығысқан деп жазды zakon.kz. «DAF FTXF-105 көлігі жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, алда келе жатқан көлікке дейінгі қашықтықты сақтамаған. Салдарынан жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды», - деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тіркемеде болған 45 бас жылқының алтауы өліп қалды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.