«Қиын жағдайға тап болдық»: Қайрат Сатыбалдының қызы Президентке үндеу жолдады

«Қиын жағдайға тап болдық»: Қайрат Сатыбалдының қызы Президентке үндеу жолдады

«Қиын жағдайға тап болдық»: Қайрат Сатыбалдының қызы Президентке үндеу жолдады
ашық дереккөзі
Байқоңыр ауданының №2 сотында Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша жарыссөз жалғасып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Сот процесі барысында Гүлмира және Қайрат Сатыбалдының қызы қоғамдық қорғаушы ретінде  сөйлеп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады деп жазды halyq-uni.kz.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің анамыз өте мейірімді адам, бес немеренің әжесі және үш баланың анасы. Біз балалар өте қиын жағдайға тап болдық, өйткені біздің ата-анамыз қамауға алынды. Анамызды босатуыңызды сұраймын. Менің ойымша, ол қылмыс жасаған жоқ. Процесс барысында ол жәбірленуші Мекешовамен татуласып, залалды өтеді. Куәгерлер мен жәбірленушілердің көпшілігі менің анама, біздің отбасымызға, тіпті маған жала жабатынын түсіну үшін заңгер болудың қажеті жоқ. Мен Нью-Йорк қалалық мектебінің түлегімін. Балаларға және анамызға адамгершілікпен қарауыңызды, әділ баға беріп, заңды шешім шығаруыңызды сұраймын», - деді ол.
Еске салайық, Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сот талқылауы 14 наурыз күні Астанада Байқоңыр ауданының №2 сотында басталды. Ол қылмыстық құқықбұзушылықты ұйымдастырды және адам ұрлады деп айыпталды.