Астана мектептеріне қазақ зиялылары мен араб шейхінің аты беріледі
Астана мектептеріне қазақ зиялылары мен араб шейхінің аты беріледі
Астана мектептеріне Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов және араб шейхінің атын беру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы кезінде қала мектептеріне ат беру мәселесі көтерілді. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы басшысы Тілеуғали Қышқашбаевтың мәліметі бойынша қалалық ономастикалық комиссияға Мұстафа Шоқай, Рымғали Нұрғали, Міржақып Дулатов және БАӘ шейхі Халиф бен Зайд әл Нахайян атын беру туралы төрт ұсыныс келіп түскен.