Жетібайдағы оқыс оқиға: ауруханаға түскен шетел азаматының жағдайы белгілі болды

Жетібайдағы оқыс оқиға: ауруханаға түскен шетел азаматының жағдайы белгілі болды

Жетібайдағы оқыс оқиға: ауруханаға түскен шетел азаматының жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзі
«Жетібаймұнайгаз» кен орнында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өндірістік жарақат алған ҚХР азаматының жағдайы белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, ауылдық ауруханада оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жарақатын дәрігерлер таңып берген.
«Жәбірленуші 29 сәуірде облыстық ауруханаға түсіп, бас сүйегіне рентгенографиясы жүргізілді. Шетел азаматының ешқандай елеулі зақым алмағаны анықталды. Ол сол күні үйге шығарылды», - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.