Депутат Башинскаяның мәселесі AMANAT партиясында талқыланады

Депутат Башинскаяның мәселесі AMANAT партиясында талқыланады

Депутат Башинскаяның мәселесі AMANAT партиясында талқыланады
ашық дереккөзі
«AMANAT»-тың Партиялық бақылау комитеті Алматы қаласы мәслихатының депутаты Анна Башинскаяның іс-әрекетін зерттеп, оған тиісті баға береді. «AMANAT»-тың Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров бұл туралы Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.
«А.Башинскаяның бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді. «AMANAT» партиясы өзге елдердің саясатына араласпайды. А.Башинская абайсызда қателікпен жазылған пікірі үшін өз тарапынан кешірім сұрады. Дегенмен, айтылған сөздің ауыртпалығы мен оның саяси астарын ескере отырып, бұл мәселені партия бей-жай қалдырмайды. Мәселені тез арада партияның тиісті құрылымдарында қарастыратын боламыз. Әрбір жергілікті мәслихат депутаты өзі тұрып жатқан мемлекеттің мүддесін басты орынға қоюы тиіс», - деп жазды ол.