Шымкентте тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды

2 мамыр, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Шымкентте тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды Шымкент қаласында Ерімбетов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz. Оtyrar.kz сайтының мәліметінше, 1 мамыр күні сағат 16.00 шамасында оқиға туралы полицияға жергілікті тұрғындар хабарлаған.
«Оқиға орнына жеткен полицейлер марқұмның 1984 жылы туған Өзбекстан азаматы екенін анықтады. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ», - делінген хабарламада.
Өлімнің нақты себебі анықталуда.