Әлем чемпионаты: екінші күні рингке шығатын боксшылар белгілі болды
Әлем чемпионаты: екінші күні рингке шығатын боксшылар белгілі болды
Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні қазақстандық Сағындық Тоғамбай мен Санатәлі Төлтаев рингке шығады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Астана уақытымен сағат 14.00-де басталатын күндізгі сессияда Сағындық Тоғамбай өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшы 86 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Конго өкілі Натан Нланду Мбелимен шеберлік байқасады.
Сағат 19.00-де басталатын кешкі сессияда Санатәлі Төлтаев 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/32 финалда бақ сынайды. Оның қарсыласы – израильдік Ахмад Штиви.
Әлем чемпионаты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.