8 өңірде үсік жүреді: бүгінгі ауа райы болжамы жарияланды

8 өңірде үсік жүреді: бүгінгі ауа райы болжамы жарияланды

8 өңірде үсік жүреді: бүгінгі ауа райы болжамы жарияланды
ашық дереккөзі
Қазгидромет синоптиктері 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр жауады. Маңғыстау облысында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр болады. Еліміздің шығысында және оңтүстік-шығыс аудандардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Алматы облысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
"Қазақстан бойынша жел күшейеді, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – найзағай, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарында – бұршақ, солтүстігінде және шығысында – тұман, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде  шаңды дауыл соғады. Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Алматы облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік сақталады. Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Жетісу облысының таулы аудандарында 2 градусқа дейін үсік жүреді", - делінген хабарламада.