Алматыда ҚР ҰҚК академиясының курсанты суицид жасады

1 мамыр, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Алматыда ҚР ҰҚК академиясының курсанты суицид жасады

30 сәуірде Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-курс курсантының денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, курсант өзіне қол салған.

Қазіргі таңда Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.