Жаңалықтар

Ташкентте бірінші күні рингке шығатын боксшылар белгілі болды

ашық дереккөзі

Ташкентте бірінші күні рингке шығатын боксшылар белгілі болды

Ташкентте (Өзбекстан) өтетін 2023 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың қайсысы жарыстың бірінші күні өнер көрсететіні белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Дүйсенбі, 1 мамырда әлемдік біріншілікте Қазақстанның екі боксшысы — Талғат Сырымбетов (60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) және Айбек Оралбай (92 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) өнер көрсетеді деп жазады Sports.kz. Сырымбетов таиландтық Сакда Руамтамға (15-жұп, А рингі) қарсы жекпе-жек өткізеді, ал Оралбай болгариялық Радослав Панталеевпен (17-жұп, Б рингі) кездеседі. Естеріңізге сала кетейік, Ташкентте өткен 2023 жылғы әлем чемпионатына Қазақстан ерлер құрамасының тізімі мынадай: Санжар Ташкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг).