Қарағандыда мейрамханадағы төбелес өліммен аяқталды

Қарағандыда мейрамханадағы төбелес өліммен аяқталды

Қарағандыда мейрамханадағы төбелес өліммен аяқталды
ашық дереккөзі
Қарағандыда мейрамханадағы жанжалдан кейін жас жігіт көз жұмды. Бұл туралы «Вечерняя Караганда» басылымы жазды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға бүгін 02.30 шамасында жергілікті мейрамханалардың бірінде болған.
«Жанжал кезінде 24 жастағы ер адам 19 жастағы жігіттің бетінен ұрған. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болды. Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс тіркелді», - деді қалалық Полиция департаментінің өкілдері.