Бүгін – Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккен күн

Бүгін – Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккен күн

Бүгін – Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккен күн
ашық дереккөзі
1945 жылы 30 сәуірде 20 жастағы лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен 19 жастағы қатардағы жауынгер Григорий Булатов Берлиндегі Рейхстагқа Қызыл ту тікті. Бұл көптеген тудың ішінде алғашқысы болатын деп хабарлады turkystan.kz. Алайда жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі көп жылдар бойы еленбей келді. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін оған «Қазақстанның Халық Қаһарманы» атағы берілген. Батырдың ерлігі жылдар бойы Мәскеу тарапынан да ескерілмеді. Бүкіл кеңестік тарих оқулықтарында М.Егоров пен М.Кантарияның есімі айтылып, оларға «КСРО Батыры» атағы берілді деп жазылып келді. Кейін Дінмұхамед Қонаев Қошқарбаевқа Батыр атағын беру туралы арыз жазып, оған Б.Момышұлы, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев және басқа да қазақ зиялылары қол қояды. Бірақ Кеңес өкіметі оны жауапсыз қалдырды. 1999 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келген. 4 жасында анасы дүниеден өткен. Әкесі жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагеріне айдалған. Осылайша 13 жасынан жетім қалған Қошқарбаев Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленеді. 7 жылдық мектепті бітірген соң ол Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне жіберілген.