Атырауда концерттен кейін 172 бала жоғалып кетті
Атырауда концерттен кейін 172 бала жоғалып кетті
Атырауда 28 сәуір күні 16 мың адам жиналған эстрада жұлдыздарының гала концертінде 172 бала жоғалып кеткен деп хабарлады turkystan.kz.
Нalyq-uni.kz жазуынша, сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскен.
Оның 125-і – жасөспірім, 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47 бала жас шамасы 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндер.
Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды.