Жетісу облысында 3 оқушы жүкті болып қалған

29 сәуір, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Жетісу облысында 3 оқушы жүкті болып қалған Жетісу облысында 3 оқушы жүкті болып қалды. Оқиға Панфилов, Сарқан аудандары және Текелі қаласында тіркелген деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жүкті болғандар - 9 және 10-сынып оқушылары. Мәселен, Панфилов ауданында жүкті болған қыз 9-сыныпта оқиды. Ал Сарқан ауданы мен Текелі қаласында екіқабат болған қыздар 10-сыныптың оқушылары. Деректі Жетісу облыстық Білім басқармасы растады.