«TazaLike» жобасы аясында сенбілік өтті
«TazaLike» жобасы аясында сенбілік өтті
Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының өкілдері партияның «TazaLike» жобасы аясында Қызылорда өңірінің тарихи ерекшеліктерін айшықтайтын Сырдария өзенінің жағасында орналасқан «Сыр-Ана»монументі айналасына ағаш отырғызды деп хабарлайды turkystan.kz.
Сыр-Ана монументінің биіктігі – 39 метр. Ескерткіш пішіні биіктеген сайын өз діңгегінің айналасында оралып, әсем бейне қалыптастырады. Жоғарғы жағы қазақ әйелінің бейнесін айшықтайтын сәукелеге ұқсас жасалған. Сәукеле бейнесіндегі мұнара басын жайғалған күріш бейнесіндегі бөлшек аяқтайды. Қызылорда облысы Қазақ елін күрішпен қамтамасыз етеді. Сондықтан, күріш – Қызылорда облысының белгісі. Монументтің самал желмен бұйраланған етегі Сырдарияның бұйра толқындарын бейнелейді. Сырдария өзені облыс шаруашылығында маңызды рөл ойнайды.
Атқарушы хатшының айтуынша «TazaLike» партиялық жобасы аясында бүгін партияның аумақтық филиалдары, бастауыш партия ұйымдары, сонымен қатар партияның «Жастар рухы» жастар қанаты да сенбілік жұмыстарын жүргізуде. Ағаш егу, тазалық жүмыстары «Мәңгілік алау», Ұлы Отан соғысы ардегерлерінің үй ауласы, сонымен қатар тарихи ескерткіштер мен скверлерде жүргізілген.