Аманаттықтар елордада 120 ағаш отырғызды

Аманаттықтар елордада 120 ағаш отырғызды

Аманаттықтар елордада 120 ағаш отырғызды
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы Орталық аппаратының қызметкерлері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері 38-ші және Ұлы Дала көшелерінің қиылысында 120 ағаш отырғызды деп хабарлайды turkystan.kz. Елорда тұрғындарымен бірге бүгін партиялықтар қала аумағын тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана» көктемгі экологиялық айлығына қатысты.  width= «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, табиғатты қорғау бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру партияның назарында.
«Қоршаған ортаны қорғау мақсатында біз ең жоғары әлемдік экологиялық стандарттарды енгізуді жалғастырамыз. Қазақстандықтардың, болашақ ұрпақтың табиғи өнімдерді тұтынуы, таза ауамен тыныс алуы және сапалы су ішуі үшін біз экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастырып, бұл істі өзімізден бастауымыз керек», – деді ол.
Экологиялық ахуалды жақсарту мәселесі – «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі.  width= Атап айтқанда, елордада 2027 жылға қарай 85 учаскеде саябақтар мен скверлер салу, «Жасыл белдеуде» 650 мың ағаш отырғызу, 2,4 мыңнан астам қоқыс контейнерін орнату, коммуналдық көлікті газға көшіру, жыл сайын 200-ден астам аула мен қоғамдық орынды абаттандыру көзделген.  width= Ал жалпы республика бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 36%-ға дейін ұлғайту, Жайық өзенінің экожүйесін қалпына келтіру, Балқаш көліне тұрақты су ағынын қамтамасыз ету, ауа сапасының индексін енгізу, ластанған елді мекендердегі кәсіпорындар шығарындыларының нормативтерін 40%-ға дейін төмендету, сондай-ақ су балансын сақтау үшін 14 жаңа су қоймасын салу және қолданыстағы 16 су қоймасын қайта жаңарту жоспарланып отыр.

Фото: Әли Ғалым