Жаңалықтар

Астанада «Job Fair-2023» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

ашық дереккөзі

Астанада «Job Fair-2023» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Түлектер жұмыссыз қалмауы тиіс. 28 сәуір күні Астанада М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ түлектеріне арналған «Job Fair-2023» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Университет ұжымы бұл шараны бұрынғыдан ерекше деп отыр. Оған себеп - оқу ордасындағы үш жоғары мектептің, яғни, құқық, халықаралық экономика және гуманитарлық мектептің бірігуі.

Оған қоса, университет студенттері сабақ уақыттарын өз ыңғайына қарай реттей алса, оқу бітірмей жатып-ақ қызметке кірісіп кете алады.

«Біздің студенттер кредиттік жүйемен оқиды. Сондықтан олар өздеріне тиімді жағын қарастыра алады. Мысалы олар түске дейін университет қабырғасында сабақ оқып, қалған бос уақытың жұмысқа арнай алады. Әлде, кешке сабаққа келіп, күндіз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие. Бұл студенттер үшін өте қолайлы. Дәстүрлі түрде өтетін жұмыс жәрмеңкесіне 100-ден астам компания келді. Орта есеппен, әр компанияда 2-3 бос орын ұсынды дегеннің өзінде, шамамен 200 студент жұмыс табады деп ойлаймын», - деді Тәжірибе, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының менеджері Гүлзат Әлімбаева.