Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңесте қандай мәселе қаралды?
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңесте қандай мәселе қаралды?
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ұсыныстар мен ҚР азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды деп хабарлайды turkystan.kz Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.
Кеңеске Канада, Ұлыбритания және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшілері, АҚШ сауда палатасының, Еуропалық қайта құру және даму банкінің, Азия даму банкінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдар мен бірқатар жеке компания басшылары қатысты.
Премьер-Министр Қазақстанның өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті.
Республика астық дақылдарын экспорттайтын әлемдегі 10 ірі ел қатарында.