Наурыз айында "Еларна" өз жұмысын бастайды

Наурыз айында "Еларна" өз жұмысын бастайды

Наурыз айында "Еларна" өз жұмысын бастайды
ашық дереккөзі
Келесі айдан бастап елімізде жаңа телеарна өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Астанадағы Үкімет отырысында мәлім болды. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, «Хабар» Агенттігінің жанынан құрылатын арна «Еларна» деп аталмақ. Бірақ бұл арна осыдан біраз уақыт бұрын жабылып қалған «Еларна» емес. Министрдің сөзіне сенсек, жаңа арнадан тек отандық телехикаялар, көркем және деректі фильмдер ғана көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аталмыш арнадан көрерменге жол тартатын  мемлекеттік тілдегі туындылардың үлесі 50 пайыздан кем болмайды. «Осы телеарнада біз тек қазақстандық кинолар, сериалдар және деректі фильмдерді ғана көрсетеміз. Ешқандай бағдарлама болмайды, тек 6 сағаттық қайталаумен көрсетеміз. Менің ойымша, бұл наурыз айында ел үшін үлкен бір жоба болады», – дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.